Қоғам

Қарағандыда егіз баласын өлтіріп алған әйелге сот үкімі шықты

Жиырма алты жастағы әйел тезірек ұйықтасын деп балаларының үстіне көрпе жаба салғанын айтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қарағандыда егіз баласын өлтіріп алған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Мұндай әрекетке абайсыздан барғанын айтқан анаға 2 жарым жыл шартты жаза кесілді.

Жиырма алты жастағы ана "Абайсызда кісі өлтіру" бабымен кінәлі деп танылды, деп хабарлайды КТК.

Балаларын байқамай өлтіріп алған ол әу баста өз кінәсін мойындап, ағынан жарылған. Әйел ішімдікке тойып алып, балалардың үстіне қалың көрпені жаба салғанын жасырмайды. Содан бүлдіршіндерге ауа жетпей қалған.

Сот процесі бір апатаға да созылған жоқ. Өз кінәсін мойындаған сотталушыға ауыр жаза қолданылмады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда отбасылық мерекеден кейін ешкім күтпеген оқиға болды

Өйткені, сот оның бұған дейін сотталмағанын, екі баласы барын және қылмысын мойындағанын ескеріп, екі жыл алты ай мерзімге бостандығын шектеу жазасына кесті. Сондай-ақ, ол пробациялық бақылауда болады.