НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Мәскеудегі Жеңіс парадына он елдің өкілдері келеді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Сербия, Хорватия, Абхазия, Оңтүстік Осетия парадқа қатысатынын растады", - деп жауап берді Песков журналистердің сұрағына.
Сонымен бірге ол бірқатар елдің басшысы шақыру алғанын атап өтті, Ресей олардың растауын күтіп отыр. Олардың арасында Беларусь президенті Александр Лукашенко да бар.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның десанттық-шабуылдау әскері парадқа қатысады
Еске сала кетейік, коронавирус індетіне байланысты Ресейдегі Жеңіс парадын 9 мамырдан 24 маусымға ауыстыруға тура еді.
Қазақстаннан құрметті қонақ ретінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Сонымен қатар, парадта қазақстандық десантшылар да өнер көрсетеді.