Қоғам

Министр 39 мың адамды сан соқтырған қаржылық ұйымның ісі туралы айтты

Бүгінде 25 аймақтық филиал басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ал салымшылар 8 миллиард теңге мен мүліктен айырылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ломбардтардың ісіне қатысты соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, "Выгодный займ", "Гарант 24 Ломбард" және "ESTATE ломбард" микроқаржыландыру ұйымдарының заңсыз әрекетінен 39 мың адам зардап шекті. Оладың барлығы 8 миллиард теңге мен мүліктен айырылды.

"Қазіргі кезде салымшылардың көбісі қиын жағдайға тап болды. Министрлік өз кезегінде шұғыл тергеу тобын құрды. Оған барлық аймақтан кәсіби мамандар еніп отыр. Бүгінде 25 аймақтық филиал басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың ішінде үшеуі шетелге қашып кеткен болатын. Үшеуі де ұсталып, елге қайтарылды", – деді Тұрғымбаев бүгін онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Оның сөзіне қарағанда, аймақтық басшылардың біреуі – Молдовадан, екіншісі – Қырғызстаннан, ал үшіншісі – Ресейден қайтарылды.

"Біз осы қылмыстық істі жіті бақылауда ұстап отырмыз", – деп атап көрсетті Тұрғымбаев.

Оқи отырыңыз: WhatsApp-тағы чаттарға қосылған 300-ге жуық адам сан соғып қалды