Қоғам

Өзбекстан Түркістанға гуманитарлық көмек жіберді

Көрші елден 150 мың бетперде, 2500 қорғаныс киімі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 термометр және 440 кереует келген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Түркістан қаласына Өзбекстаннан үш жүк көлігімен гуманитарлық көмек келді.

Керуенді қарсы алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңір тұрғындары атынан алғыс білдірді.

"Арнайы шараға қатысқан Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев сын сағатта бауырлас елдер бір-біріне қолдау білдіру қажеттігін айтты", - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бөгеттің бұзылуы: Өзбекстан Түркістан облысына көмектесуге келісті

Көрші елден 150 мың медициналық бетперде, 2500 қорғаныс киімі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 термометр және 440 кереует келген.

Аталған көмек алдағы уақытта Түркістан облысының барлық медициналық мекемесіне үлестірілмек.