Қоғам

Биыл Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы қауіпсіз үйге көшіріледі

Жыл соңына дейін 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені мен 100-ден астам жеделсаты жөнделеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында апаттық жағдайдағы ескі үйлер бұзылуда. Биыл 800-ден астам отбасы жаңа және қауіпсіз үйге көшіріледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Осы күндері Бейсекбаев көшесінде орналасқан ескі үйлерді бұзу басталды. Бұл үйлердің пайдалануға берілгеніне 70 жылға жуықтаған. Жыл соңына дейін күрелетін үйлердің қатарында 1930 жылы салынған баспаналар да бар.

Бұдан бөлек 2020 жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделіп, 100-ден астам жеделсатыға жөндеу және ауыстыру жүргігізіледі.

"Жаңғырту бағдарламасы – ол қайтарылатын қаржы. Мемлекет күрделі жөндеуге қаржы бөледі, кейін ол 15 жыл мерзімге дейін тұрғындар арасында бөлінетін болады", – делінген хабарламада.
Биыл Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы қауіпсіз үйге көшіріледі

Өткен жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 8 апатты үйдің тұрғындары көшіріліп, 90-нан астам отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Сонымен бірге үйлері мұнай базасына жақын орналасқан 39 разъездің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Оқи отырыңыз: "Отырамыз ба тозып?" Қарағандыда құлап қалған үйдің тұрғындары шу көтерді

Биыл Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы қауіпсіз үйге көшіріледі