НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Елімізде өткен тәулік ішінде 183 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 1,5% құрады.
Өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында анықталды. Облыста 15 адамның індет жұқтырғаны расталып, көрсеткіш – 6,2 процентті құрады.
- Нұр Сұлтан қаласы - 38 (1,6%);
- Алматы қаласы - 29 (1,0%);
- Қарағанды облысы - 24 (2,2%);
- Батыс Қазақстан облысы - 21 (2,7%);
- Павлодар облысы - 15 (6,2%);
- Ақтөбе облысы - 13 (3,4%);
- Шымкент қаласы - 10 (1,1%);
- Шығыс Қазақстан облысы - 8 (4,5%);
- Атырау облысы - 6 (0.5%);
- Қызылорда облысы - 5 (1,1%);
- Алматы облысы - 4 (0.9%);
- Түркістан облысы - 3 (0.8%);
- Қостанай облысы - 2 (1.0%);
- Маңғыстау облысы - 2 (0,6%);
- Жамбыл облысы - 2 (0,5%);
- Ақмола облысы - 1 (0,6%).
COVID-19 белгісі жоқ науқастар туралы
Өткен тәулік ішінде жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 357 тасымалдаушы тіркеліп, өсім 0,5 процентті құрады. Ал Қазақстан бойынша бұл деңгейдегі науқастар саны – 1 044. Олар коронавирус тасымалдаушы болғанымен, жалпы статистикаға енгізілмейді.
Ең көп жағдай Шымкентте – 75, Батыс Қазақстанда – 57, Нұр-Сұлтанда – 43 және Алматыда – 25 адамда анықталды.
- Нұр-Сұлтан қаласы - 141 (+43);
- Алматы қаласы - 95 (+25);
- Шымкент қаласы - 131 (+75);
- Ақмола облысы - 13 (+5);
- Ақтөбе облысы - 17 (+6);
- Алматы облысы - 73 (+13);
- Атырау облысы - 65 (+23);
- Шығыс Қазақстан облысы - 48 (+17);
- Жамбыл облысы - 16 (+4);
- Батыс Қазақстан облысы - 136 (+57);
- Қарағанды облысы - 102 (+25);
- Қостанай облысы - 5 (+2);
- Қызылорда облысы - 48 (+16);
- Маңғыстау облысы - 71 (+14);
- Павлодар облысы - 10 (+4);
- Солтүстік Қазақстан облысы - 40 (+16);
- Түркістан облысы - 33 (+12).
Айта кетейік, елімізде індет жұқтырғандардың саны 12 694 адамға жетті. Оның ішінде 7 135 науқас айығып шықса, 53 адам індет салдарынан көз жұмды.