Оқиға

Өртеніп жатқан ғимарат шатырынан ер адам ерекше жағдайда құтқарылды – видео

Алматы қаласында мектеп құрылысының шатыры отқа оранып, жұмысшы құрылыс кранының көмегімен құтқарылды
Sputnik

АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Алматыда салынып жатқан мектептің шатыры өртеніп, ер адам ерекше жағдайда құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желілерде ер адамның өрттен құтқарылған сәті түсірілген видеосы жарияланды. 

"Құрылыс кранын пайдаланып қара түтін мен қызыл жалыннан жұмысшы құтқарылды", – деп жазды автор Instagram желісінде.

Айта кетейік, 3 маусым күні Алматы қаласының Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде салынып жатқан мектеп ғимаратында өрт болған. Өрт құрылыс нысанының шатырын түгел шарпып, газ баллон жарылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жолаушылар автобусы өртенді – видео

Тілсіз жаумен күреске өртке қарсы қызметтің он шақты техникасы жұмылдырылды. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.