Елорда тынысы

"Пәтер беріледі": хат алған қазақстандықтар не істеуі керек

Қазақстандықтарға "Тұрғын үй қорының" атынан хат түсе бастады. Төлем жасап, салықтан босатылуға болатыны жазылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Елорданың "Тұрғын үй қоры" атынан алаяқтар хат таратып жатқаны хабарланды. Қазақстандықтарға пәтер кезегі келгені айтылған. Алайда хатта мемлекет қорынан баспана алу үшін салық төлеу керек екені көрсетілген.

Ұйым ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Тұрғындарды сақ болуға шақырды.

"Тұрғын үй қоры мұндай хат жібермейді. Сондай-ақ, хабарласып, кредитіңізді өтеуді сұрамаймыз. Жалға берілетін пәтер кезегі келсе, тек құжаттарды жаңартып, санатты растау керек. Құжатты рәсімдеуге төлем жасаудың қажеті жоқ", - деді қор өкілдері.

Мұндай хат алған қазақстандықтарға полицияға арыз жазу керек екені айтылды. 

Коммуналдық тұрғын үй қорының баспанасы баспанаға мұқтаж тұрғындарға кезекпен беріледі.