Өңірлер

Алматы облысында итті тірідей өртегендер ұсталды

Қабанбай ауылының 2004-2005 жылғы тұрғындары кінәсін толығымен мойындап, қылмысты қызық үшін жасағанын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Алматы облысы Алакөл ауданының полицейлері жедел іздестіру шаралары барысында итті тірідей өртеді деген күдікпен екі жасөспірімді ұстады.

Жаға ұстатар қылмыс Қабанбай ауылында болған, деп хабарлады Polisia.kz.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен аталған елді мекеннің кәмелетке толмаған екі тұрғыны – 2004 жылы және 2005 жылы туған жасөспірімдер ұсталды. Олар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды", – деді Алматы облысы Алакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспанов.

Оның айтуынша, жасөспірімдер кінәсін толығымен мойындап, ауыр қылмысты қызық үшін жасағанын жеткізген.

"Мұндай қаскөйлік әрекетке қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп түйіндеді бөлім бастығы.

Оқи отырыңыз: Петропавл тұрғыны итті төртінші қабаттан лақтырып жіберді 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.