Видео

АҚШ-тағы наразылық: америкалықтар өз бизнесін қорғауға мәжбүр болды

Чикагода отбасылық шарап дүкенінің қызметкерлері өз бизнесін тонаушылардан қорғау үшін қолына қару алуға мәжбүр болды
Sputnik

Америка Құрама Штаттарында Миннеаполисте 46 жастағы афроамерикалық Джордж Флойдтың қазасынан кейін наразылық толқыны басталды. Ереуілдер біртіндеп бүкіл ел бойынша жаппай тонау мен полициямен қақтығысу секілді тәртіпсіздікке ұласты. Көптеген штаттың губернаторы мен Америка қалаларының мэрі өз аймағында коменданттық сағат енгізуге, тіпті тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін ұлттық гвардия әскерін тартуға мәжбүр болды.