Қоғам

Тоқаев Мәсімовке тапсырма берді

Мемлекет басшысы отырысты бастамас бұрын қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған қызметкерлерді еске алуға арналған стелаға гүл шоғын қойды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізіп, қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда.

Кеңейтілген отырысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті орталық аппараты мен  аймақтық бөлімшелерінің басқарушы құрамы қатысты.

Жиын алдында Тоқаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған ҰҚК органдары қызметкерлерін еске алуға арналған стелаға гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ, ҰҚК орталық аппаратының 2017 жылы қайта жөндеуден өткен музейіндегі Тәуелсіздік алған сәттен бергі комитеттің даму тарихын қамтитын экспозицияны көрді.

Тоқаев Мәсімовке тапсырма берді

Отырыс барысында президент ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің баяндамасын, комитеттің құрылымдық және аймақтық органдары басшыларының есебін тыңдады.

Жиын соңында Тоқаев ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар нақты тапсырма берді.