АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Алматыда "Нұрлы Тау" бизнес орталығы маңында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы қаласы төтенше жағдай департаменті өрттен зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, Медеу ауданындағы Назарбаев даңғылы мен әл-Фараби даңғылы қиылысының төменгі тұсында автобус өртенді", – делінген департамент ақпаратында.
Департаменттің ресми өкілі сағат 15.06-да өрттің сөндірілгенін мәлімдеді.
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді – видео
© Sputnik / Стрингер
Айта кетейік, 3 мамырда Медеу ауданында салынып жатқан нысанда жұмыс жүргізу кезінде өрт шыққан еді.
Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда ірі өрт болды - видео
Қаланың төтенше жағдай департаменті зардап шеккендер мен құрбандардың жоқ екенін хабарлады. Өрт аумағы 700 шаршы метрді қамтыды.