Қоғам

Қазақстан шекарасын кесіп өту тәртібі өзгерді

Қазақстан шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, шетелде оқитын студенттерге елден шығуға, ал шетелдіктерге емделу үшін Қазақстанға кіруге рұқсат етілді  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Енді Қазақстан аумағына кіретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан коронавирус инфекциясына теріс нәтижені растайтын ПТР-тест анықтамасы талап етілмейді, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті.  

Бұған дейін COVID-19 індетіне қарсы ПЦР-тестен өту міндетті болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның барлық әуежайы 25 мамырдан ашық болады

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары төрағалық ететін арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия бекіткен тізімге сәйкес, білікті қызметкерлер мен мамандарға баратын еліне ресми рұқсаты болған жағдайда, Қазақстан мемлекеттік органдарының қолдаухаты негізінде Қазақстаннан шығуға рұқсат етіледі.    

Студенттер Қазақстаннан шыға алады    

Шетелде білім алатын Қазақстан азаматтарына елден шығуға, сондай-ақ оларға оқу визасын ұзартуға, студенттік ID-картаны рәсімдеуге, емтихан мен тест тапсыруға рұқсат етіледі. Ол үшін шетелдік оқу орнының растау құжаттары болуы қажет.

Медициналық туризм

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстандағы мамандандырылған медицина мекемелерінде емделуге рұқсат етіледі. Ол үшін денсаулық сақтау мекемелерінің растау құжаттарын ұсыну керек.