НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының жеті өкілі коронавирус жұқтырған. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының 7 өкілі ауырды. Оның үшеуі емделіп, ауруханадан шықты. Ал төртеуі тиісті ем алып жатыр", - деді Есмағамбетова тікелей эфирде.
Ол науқастардың барлығында ауру жеңіл түрде өтіп жатқанын нақтылады.
Оқи отырыңыз: "Қазмедиа орталығы" ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді
21 мамырда "Еуразия" телеарнасының екі қызметкерінен коронавирус табылғаны хабарланған еді. Осыдан кейін телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы режимге ауыстырылды.
22 мамыр мен 7 маусым аралығында "Қазмедиа орталығы" ғимаратында кіріп-шығуға шектеу енгізілді.