НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қаламаңы бағдарларының қозғалысы қалпына келтірілді, қоғамдық көліктер сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін жүреді, деп хабарлады City Transportation System (CTS).
"Автобустарға бұрынғыша дезинфекция жасалады. Автобус жүргізушілері қауіпсіздік шараларын сақтайды: маска, қолғап киіп, антисептик қолданады", - деп атап өтті CTS.
Жолаушылар да бетперде киіп, санитарлық нормаларды сақтауға міндетті.
Жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеу қажет.
Оқи отырыңыз: 1 маусымнан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді
Еске сала кетейік, сағат 00:00-ден бастап Қазақстанның қалалары мен облыстары арасындағы блок бекеттер алынып тасталды.
Дегенмен, облыс әкімдіктерінің шешімімен коронавирус инфекциясының ошақтары бар жерлерде жергілікті блок бекеттер орнатылуы мүмкін.