НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.
"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
- Алматы қаласы – 117 (4,7%)
- Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
- Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
- Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
- Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
- Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
- Қостанай облысы – 12 (7,3%)
- Атырау облысы – 12 (1,2%)
- Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
- Түркістан облысы – 6 (1,7%)
- Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
- Алматы облысы - 4 (1,1%)
- Ақмола облысы – 1 (0,7%).
Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.