Өңірлер

Синоптиктер жаздың алғашқы күнінде ауа райы қандай болатынын айтты

Қазгидромет болжамына сәйкес, 1 маусым күні бірқатар өңірде жаңбыр мен бұршақ жауады. Дабылды ескерту жарияланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Елдің солтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кейбір аудандарда дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Дабылды ескерту

Түркістан облысында және Түркістанда 1-2 маусым күндері аптап ыстық болады, ауа температурасы плюс 40-43 градус.

Ақмола және Қарағанды облыстарында 1 маусымда күн күркірейді. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында дүйсенбі күні желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 метрге жетуі мүмкін.

Қостанай облысында 1 маусымда күн күркіреп, бұршақ жауады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Павлодар облысында 1 маусымда күн күркірейді. Желдің жылдамдығы секундына 18 метр.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде 21-26 градус жылы, күндіз плюс 30-32 градус.

Алматыда 1 маусымда күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +18-19 градус, күндіз плюс 28-30 градус.

Шымкентте дүйсенбі күні түнде 20-21 градус нөлден жоғары, күндіз – 32-34 градус ыстық.