Оқиға

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Семей – Үржар бағыты бойынша санитарлық рейс орындаған ұшақ әуежайға қонғаннан кейін жана бастаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан соң болды. Санитарлық рейс орындаған ұшақ Үржарға Семейден ұшып келген.

Өрт шыққан кезде ұшақ бортында адамдар болмаған. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ "Тараз Жаңа Әлем" жекеменшік әуе компаниясына тиесілі.

Тағы оқыңыз: Қарағанды түбінде апат: әскери ұшақтың құлаған сәтінің видеосы жарияланды

Бұл факті бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Жеңіл моторлы Ан-2 ұшақтары ауыл шаруашылығында, әдетте алқаптарға  тыңайтқыштар мен пестицидтер шашу үшін пайдаланылады.