НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Алматыда 39 жастағы ер адам жалған құжатпен екі жылдан астам уақыт бойы полициядан жасырынып жүрген.
Ол қала тұрғындарын ерекше жолмен алдап келген. 1981 жылы туған күдікті ұлттық және шетел валютасында жедел түрде ауқымды биржалық операциялар жасағысы келген адамдарды интернет арқылы іздеген, деп хабарлады Polisia.kz.
Күдікті арам ниетін жүзеге асыру үшін валюта айырбастау операциялары туралы жарнамалар жасаған. Келіссөз аяқталғаннан кейін ол клиенттермен жалға алынған бөлмелерде кездескен. Ол қолма-қол ақшаны алып, оның тұпнұсқа екенін тексеремін деп басқа бөлмеге кіріп, қосалқы есіктер арқылы қашып кетіп отырған.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жүкті әйел жиырмаға жуық тұрғынды алдаған
Қаскүнем өзін әр түрлі атпен таныстырған және ол үшін жеке куәліктер дайындаған, дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.
Күдікті қазір қамауға алынды. Алмалы ауданының аумағында ол осыған ұқсас төрт қылмыс жасаған. Материалдық шығын 40 миллион теңгеден асады.
Ттергеу бөлімі оның қаладағы қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.