Оқиға

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды - 13 адам ауруханаға жеткізілді

КамАЗ жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Жолаушылар түрлі жарақат алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлады полиция департаменті.

Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе жатқан (Досмұхамедұлы көшесінен Жаңажол көшесіне дейінгі бөліктегі "Гелиос" жанармай стансасына қарсы).

1994 жылы туған жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетті. "МАН" маркалы автобуспен соқтығысты.

Тағы оқыңыз: "Бәрі аш деп айқайлады": Жолаушы автобустың ішінде не болғанын айтып берді

Апат салдарынан автобустың 13 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Екі адамның дене мүшесі сынған, өзгелері түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.