НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстанда педагогтер арнайы медальмен марапатталады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент білім сапасына тікелей әсер ететін факторлардың бірі педагогтердің кәсібилігі мен мәртебесі екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мұғалімдер мен оқушыларға бөлек телеарна ашу ұсынылды
"Біз мұғалімдерді қоғамда өте танымал, сыйлы адамдар етуіміз керек. Біз қазір арнайы медаль бекітеміз. Мемлекеттік награда педагогтердің еңбегіне арналған", - деді Тоқаев қоғамдық кеңестің үшінші отырысында.
Бұдан бөлек, оның айтуынша, "Халық алғысы" атты жаңа медаль да бекітіледі.
Бұл медальмен білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларда жемісті еңбек етіп жатқан азаматтар марапатталады.