АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Өткен жылы жер қойнауын пайдаланушылар есебінен 144 мың қазақстандық маман оқытылды. Бұл жайында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен 144 мыңнан астам қазақстандық маман оқыту, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау рәсімінен өтті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша кадрларды оқытуға 21 миллиард теңге жұмсалды", – деп атап Ноғаев.
Сонымен қатар министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге арналған 235 келісімшарт тіркелген. Оның ішінде "барлауға" – 54, "бірлесіп барлау мен өндіруге" – 96, "өндіруге" – 74, "өнімді бөлу туралы келісім" бойынша 11 келісімшарт бар. Ал уран бойынша 25 келісімшарт тіркелген.
Сондай-ақ, геологиялық барлау жұмыстарына бөлінген инвестиялардың көлемі –158,4 миллиард теңгеге жеткен.
Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы бойынша міндеттемелері мен жер қойнауын пайдалануға арналған 163 келісімшартқа қол қойылған.
Оқи отырыңыз: Депутат: еліміздің негізгі қара жұмыс күші өзбектер екені көрініп тұр
Соның аясында 2019 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 9,9 миллиард теңге жұмсалған.