Әлем

Ресейде Ми-8 әскери тікұшағы құлады - төрт адам қаза болды

Оқиға экипаж оқу-жаттығу жасаған кезде болған. Апаттың негізгі себебі ретінде тікұшақтағы техникалық ақау қарастырылып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр - Sputnik. Бейнебақылау камерасына Чукоткада ресейлік Ми-8 тікұшағының құлаған сәті түсіп қалды. Трагедия, бүгін, 26 мамыр күні таңертең Анадырь әуежайында болған.

Жазбада тікұшақтың ұшқан сәті көрінеді. Алайда ол көкке көтеріле бастаған кезде айнала бастайды. Бірнеше секундтан кейін құлады, деп жазады РИА Новости.

Тікұшақ құлаған кезде жарылыс болып, экипаж бірден көз жұмды. Алдын ала мәліметке сәйкес, 4 адам қаза болған.

Ресейдің қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай астана уақытымен таңғы 8:00-де тіркелді. Трагедияға техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Бортта экипаждың үш мүшесі мен техник болған. Қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.