Елорда тынысы

Астаналықтар әлемдік антирейтингте көш бастап тұр

Яндекс сервисінің мәліметіне сәйкес, карантинге қарамастан, елорда тұрғындары далаға белсенді шығады. Көрсеткіш - 77%
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр –Sputnik. Тұрғындардың карантинді үйде өткізуін зерттеген рейтингте астаналықтар көш бастап тұр. Мұндай мәліметпен коронавирус пандемиясы кезінде түрлі елдердің 42 мегаполисіндегі қозғалысты бақылаған Яндекс сервистері ұсынды.

Бұл рейтинг бестігінде астанамен бірге Тель-Авив (74%), Баку (72%), Минск (72%) және Ереван (69%) бар.

Мәскеу мен Нью-Йорк 26-шы және 27-ші орында. Бұл қалаларда індет тараған уақытта тұрғындардың көшедегі белсенділігі 46% болған. Мәскеуде вирус жұқтырғандар саны 155 мыңнан асты. Ал Нью-Йоркте 200 мыңға жақындап келеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 8 мыңға жуықтады

Тұрғындары жауапкершілік танытып, карантин кезінде үйде отырған қалалар қатарында Мехико мен Мумбаи. Бұл қалалардағы тұрғындардың белсенділігі 22%-тен аспайды.