Қоғам

Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандардың саны 4168 адамға жетті

Қазіргі уақытта республикада коронавирус инфекциясы анықталғандардың саны 7 919 адам болды, қайтыс болғандар - 35 адам
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 72 науқас сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

"Оның ішінде Алматы қаласында – 21, Павлодар облысында - 1, Қарағанды облысында - 10, Қостанай облысында - 3, Атырау облысында - 17, Маңғыстау облысында - 1, Қызылорда облысында -4, Алматы облысында - 9, Батыс-Қазақстан облысында – 6", - делінген хабарламада.

Жалпы елімізде 4168 адам дерттен сауықты, оның ішінде:⠀

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 768
  • Алматы қаласы – 1197
  • Шымкент қаласы – 215
  • Ақмола облысы – 97
  • Ақтөбе облысы – 168
  • Алматы облысы – 168
  • Атырау облысы – 224
  • Шығыс Қазақстан облысы – 44
  • Жамбыл облысы – 163
  • Батыс Қазақстан облысы – 226
  • Қарағанды облысы – 190
  • Қостанай облысы – 56
  • Қызылорда облысы – 225
  • Маңғыстау облысы – 82
  • Павлодар облысы – 146
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29
  • Түркістан облысы – 170.

Қазіргі уақытта республикада коронавирус инфекциясы анықталғандардың саны 7 919 адам болды, қайтыс болғандар - 35 адам.