Әлем

Эпидемия басталғалы Қытайда тәулік ішінде бірде-бір адам коронавирус жұқтырмады

Қытайдың ведомстволары эпидемия басталғалы тәулік ішінде вирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмегенін хабарлады
Sputnik

АЛМАТЫ, 23 мамыр –Sputnik. Қытай билігі елде коронавирус таралу жағдайы біртіндеп тұрақталып келе жатқанын айтты. Соңғы тәулікте бірде-бір адам вирус жұқтырмаған, 28 симптомсыз вирус тасымалдаушы тіркелді, үш адам жазылған, қайтыс болғандар жоқ.

Аспанасты елінің денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті эпидемия кезінде 82 971 адамда вирус расталды, деп хабарлады РИА Новости.

78 258 адам жазылып шықты, 79 адам ауруханада жатыр. 4 634  тұрғын қайтыс болған. Вирустың сырттан кіргізілу жағдайы - 1 711, олардың 1 670-сі жазылып шықты.

Ухань қаласындағы бұған дейін белгісіз болған пневмония тарала бастағанын Қытай билігі 2019 жылдың 31 желтоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына хабарлаған болатын. Мамандар ауруды коронавирустың жаңа түрі қоздырғанын анықтады. Оған COVID-19 деген ресми атау берді.

Тағы оқыңыз: "Ешқайда кетпейді": бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда әлемде жаңа коронавирус пандемиясын жариялады.