Әлем

Көрші елде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтыру өсімі 5,9%-тен 3,5 процентке дейін төмендегені хабарланып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиын өткізді. 

"Соңғы ақпаратқа сәйкес, Ресейде коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталып келеді", - деді ол.

Ол Мәскеу мен бірқатар өңірде күн сайын вирус жұқтыратындар саны азайғанын айтты.

"Әзірге бұл динамика біз күткендегідей емес. Осыдан бір апта бұрын Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтыру өсімі 5,9% болатын. Бұл көрсеткішке 3,5 процентке дейін төмендеді", - деді ол. 

Соңғы тәулікте көрші елдегі 84 өңірде 8 894 адам коронавирус жұқтырды. 150 адам көз жұмған.

Барлығы Ресейде 326 448 адамда COVID-19 расталған. 3 249 адам қайтыс болған.

Қазақстанда барлығы 7 597 адам індетке шалдықты, 4 096-сы жазылып шықты. 35 науқас көз жұмды.