АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Жеті жасар бала үйдің ауласында алған жарақатынан қайтыс болды. Оқиға Қостанай облысы Амангелді ауылында болды.
17 мамырда бала облыстық балалар ауруханасына бас сүйек-ми жарақатымен жеткізілді, деп хабарлады аймақтағы "Алау" басылымы.
"Басс үйек-мидың ауыр жарақаты анықталды. Бас сүйек сынған, эпидуральды гематома, кома. Нейрохирургиялық ота жасалды. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады. Баланың қалай жарақат алғаны бізге белгісіз", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Планшетке таласқан - Таразда болған трагедияның мән-жайы
Дәрігерлердің мәліметтеріне сәйкес, бала есін жимай, бір тәуліктен соң жансақтау бөлімінде көз жұмды.