Қоғам

"Қара бүркітте" коронавирус: өмір бойына сотталғандар қалай емделеді

Бұған дейін Қостанай облысындағы 161/3 колониясында он тоғыз қызметкердің вирус жұқтырғаны хабарланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында "Қара бүркіт" түрмесіндегі сотталғандардан коронавирус анықталса, олар колония ішінде емделеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр колонияның 19 қызметкерінде коронавирус диагнозы расталғанын атап өтті. Бірақ, олар сотталғандармен байланыста болмаған. 

"Бәрі оқшауланды, қазір түрменің жанындағы провизорлық төсек-орын дайындалған арнайы орынжайда жатыр. Олар колония аумағына кірмеген, сотталғандармен байланыста болмаған", – деді Бюрабекова тікелей эфирде.

Бірақ, егер сотталғандар коронавирус жұқтырса, олар Қазақстанның барлық азаматы секілді хаттамаға сәйкес ем алады.

"Олар үшін колония ішінде провизорлық төсек-орын ұйымдастырылады", – деді вице-министр.

19 мамырда Қостанай облысында қылмыстық атқару жүйесінің 161/3 мекемесінде он тоғыз қызметкердің вирус жұқтырғаны хабарланды. Олардың 11 – ер адам, 8-і – әйел.

Оқи отырыңыз: "Қара бүркітте" 19 адамда коронавирус инфекциясы расталды

Бұл мекемені халық арасында "Қара бүркіт" деп атап кеткен. Ол жерде аса қатаң режим енгізілген. Колонияда өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді.