Әлем

Киев Ресей мәдениетіне санкция салды: ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкіл пікір білдірді

Кузнецов Киев билігінің бұл әрекеті халықаралық қатынастарда ғана емес, қалыпты қоғамда да қолайсыз әрекет болып саналатынын атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Украина Ресейдің мәдени мекемелеріне және ғылымына қарсы үш жыл мерзімге санкция енгізді. Оның ішінде орыс географиялық қоғамы, Эрмитаж, Пушкин атындағы музей, Ресей ғылым академиясының Археология институты, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және тағы басқа нысандар бар.

Киевтің осы әрекетіне қатысты пікірін Ресейдің ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Александар Кузнецов РИА Новостиге берген сұхбатында айтты.

"Әрине, Киев билігінің бұл әрекеті тек халықаралық қатынастарда ғана емес, қалыпты қоғамда да қолайсыз әрекет болып саналады. Бұл жағдайға байланысты Ресейдің көптеген өкілі пікірін білдірді. Олардың сөзін қайталамау үшін мен мұны ЮНЕСКО призмасы қалай қабылдағаны жайлы айтайын. Ұйым коронавирус пандемиясы әлемнің мәдение құндылығына қатер төндірмеуі үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Миллиондаған адам әлемдік мәдениетке қызығады, олар қолжетімді болуы тиіс, шектеуге болмайды", - деді Кузнецов.

Путин Ресейге қатысты санкциялар туралы: біз ешкіммен ұрсысқан жоқпыз

Айтуынша, бұл әңгіме тек пандемияға байланысты жабылған ескерткіштер туралы ғана емес, сонымен қатар музейлер, театр мен концерт залдары жайлы болып отыр.

Қазір ЮНЕСКО хатшылығымен осының барлығын қалай жүзеге асыру керек екенін, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, үлкен көлемдегі шараларды қашықтан өткізу мәселесін талқылаймыз, деді ол.

Сонымен қатар тұрақты өкіл "санкцияның халықаралық ынтымақтастыққа қандай да бір әсері бола ма" деген сұраққа жауап берді.

"Халықаралық ынтымақтастық үшін ешқандай нақты салдарды көріп отырған жоқпын, ЮНЕСКО мәдениетке қатысты ынтымақты жақтайды. Жақында Ұйымның бас директоры Одри Азулемен сөйлестім, бәріміз бірдей ойлаймыз деген тұжырымға келдік: мәдениет ошақтарына қолжетімділікті, әлемдік мәдениет жайлы білімді сақтау керек. Дәл осыған байланысты біздің күш-жігеріміз таяу уақытта, соның ішінде Ресейдің белсенді қатысуымен шоғырландырылады деп ойлаймын", - деді Кузнецов.

Айтуынша, бұл жерде Украинаның білім беру саласынан орыс тілінің алынып тасталуы да сөз болып отыр. 

"Киев билігі елдің білім беру саласынан орыс тілін алып тастауға тырысып жатыр, бұл салада да айтарлықтай оқиғалар болып жатыр. Бұл ЮНЕСКО рухына ғана емес, сонымен қатар осы ұйым қабылдаған білім саласындағы дискриминацияға қарсы конвенция сияқты нақты құжаттарға қайшы келеді. Біз Киевтің осы конвенцияны өрескел бұзғанына бірнеше рет назар аудардық, бірақ өкінішке қарай, нақты жауап алған жоқпыз",  - деп түйіндеді ол.