Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте 283 адам коронавирус жұқтырды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 6440, вирустан емделіп шыққандар - 3256, отыз төрт адам кайтыс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте 283 адам коронавирус жұқтырды. Өсім - 4,6%, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Аймақтар бойынша вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары: Ақмола облысы - 1 (0,8%), Алматы облысы - 3 (1,5%), Атырау облысы - 86 (15,9%), Жамбыл облысы - 2 (1,0%), Батыс Қазақстан облысы - 13 (4,2%), Қарағанды облысы - 18 (7,8%), Қостанай облысы - 1 (1,3%), Қызылорда облысы - 1 (0,4%), Маңғыстау облысы - 8 (5,2%), Павлодар облысы - 3 (1,9%), Түркістан облысы - 19 (9,5%), Солтүстік Қазақстан облысы - 2 (5,6%), Алматы қаласы - 46 (2,6%), Нұр-Сұлтан қаласы - 20 (1,6%), Шымкент қаласы - 60 (17,3%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 6 440, вирустан емделіп шыққандар - 3 256, отыз төрт адам кайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін - әкімдік мәлімдемесі

Еске сала кетсек, Қазақстанда 16 наурыз - 11 мамыр аралығында төтенше жағдай режимі болды. Ол аяқталған соң карантин режимі алынған жоқ. Бірақ біраз жеңілдетілді. Астанада қоғамдық көлік жүре бастады, бірқатар кәсіпорын жұмысына қайта кірісті, балабақшада кезекші топтар ашылды.