"Ясень-М" мен "Борей-А" жобасының суасты қайықтары түрлі дайындық деңгейінде: "Князь Владимир" әскери-теңіз күштеріне тапсырылуға дайындалып жатса, "Казань" сынақтан өткізілуде, ал "Белгород" пен "Новосибирск" былтыр эллингтен шығарылды. Ресей әскери-теңіз күштері иелігіне шамамен 10 жаңа сүңгуір қайығын алып, олардың санын 80-ге жеткізбек. Оның ішінде "Борей-А" жобасының екі стратегиялық крейсері, көп мақсатты екі "Ясень-М" мен бір "Варшавянка" субмаринасы бар. Осы орайда, сүңгуір қайықтар – адамзаттың ең күрделі және мінсіз қаруы екенін атап өту керек.
Төртінші буынға жататын стратегиялық он суасты қайығы (үш "Борей" мен жеті "Борей-А") таяу онжылдықтарда ресейлік ядролық үштағанның негізі болады.
Зымыранның максималды қашықтығы – 8 мың шақырым. "Булава" қарсыластың зымыранға қарсы қорғанысын еңсеретін заманауи жүйеге, жоғары жылдамдыққа, қуатты қозғалтқышқа ие.
"Ясень-М" жобасының сүңгуір қайықтары миналармен, 533 мм торпедалармен, "Калибр" және "Оникс", қанатты зымырандарымен, сондай-ақ гипердыбыстық "Цирконалармен" жабдықталған. Бортта радиоэлектронды қарудың заманауи кешендері бар. Бұл типтегі көп мақсатты су асты қайықтар 520 метр тереңдікке дейін сүңгуге қабілетті. Автономды дербестігі – 100 күн, су астындағы жылдамдығы – 31 узелге тең. Ал экипажы 64 адамды құрайды. "Ясень" жобасы туралы бір факті - ресейлік "Северодвинск" сүңгуір қайығын Атлант мұхитында АҚШ әскери-теңіз күштері бірнеше апта бойы таба алмаған.
Бүгінде Ресей бесінші буындағы атомдық суасты қайықтары флотының негізін қалауда. Ол үшін қару-жарақ түрлері жаңартылуда, байланыс және бақылау, сондай-ақ барлаудың автоматтандырылған жүйелері енгізіліп жатыр.
Салыстыру үшін айта кетейік, АҚШ-тың көп мақсатты Virginia сүңгуір қайығы Пентагонға 2,5 миллиард долларға түсті. Ресейдің әскери-теңіз флотында жаңа стратегиялық зымыран тасығыш "Князь Владимирдің" пайда болуын америкалықтар мен олардың одақтастары жауап бере алмайтын қиындық ретінде қабылдады.