НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Бөгеттің бұзылуы салдарынан су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданында бүгінде 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Азық-түлік пен киім-кешек, гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмектер және құрылыс материалдары Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналды.
"Зардап шеккен ауыл тұрғындары ең қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Гуманитарлық көмек үшін адамдарға алғыс ретінде кәсіпкер Қанат Маратұлы аймаққа келген жүк көлігінің жүргізушілеріне қырыққабат береді", – деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Осы мақсатта гуманитарлық көмекпен тең, 600 тонна қырыққабат жиналды.
Ал зардап шеккендерге 218 тонна азық-түлік таратылды.
Оқи отырыңыз: "Тегін алып кетіңіздер": Қазақстанның оңтүстігінде қырыққабат шіріп жатыр
Түркістан облысының билігі зардап шеккен отбасындағы балалардың білімдерін шыңдауға арнайы демалыс ұйымдастыруда. Яғни, Мақтаарал ауданындағы 1 210 оқушы жазғы демалысын Қазақстанның оңтүстігіндегі Қапшағай мен Төлеби лагерінде өткізеді.