Өңірлер

Шығыс Қазақстан жолында төрт адам көз жұмды

Жол апаты ауа райының қолайсыздығы мен жолдың нашар көрінуі салдарынан болды. Әйтсе де, кінәлі 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Семейден 50 километр жерде жол апаты болды. Онда кәмелетке толмаған бала қаза болды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, трагедия жұма күні кешке Омбы – Майқапшағай тасжолының 816-ші километрінде болған.

Жауын мен жолдың нашар көрінуі салдарынан Toyota Land Cruiser 100 және "ВАЗ 21015" көлігі қарама-қарсы соқтығысқан.  

Апат салдарынан 31 жастағы "ВАЗ" жүргізушісі және үш жолаушы, оның ішінде кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды.

Алматыда жас полицей жедел жәрдем көлігінде көз жұмды 

Полицейлер Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Toyota Land Cruiser жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.