НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі коронавирус жұқтырған 62 жастағы дәрігердің өліміне қатысты мәлімдеме жасады.
"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы КВИ тесті оң нәтиже көрсеткен науқастардың өлім-жітімін зерттеу комиссиясы бұл жағдайды коронавирус салдарынан қайтыс болғандар қатарына жатқызбауға шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Елорда әкімдігі өлімге үдемелі жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен туындаған қайтымсыз органикалық әсер себеп болғанын атап өтті.
Сонымен қатар дәрігер коронавирус инфекциясымен қатар басқа да аурулармен ауырған.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласының бас дәрігері үйде емделудің ерекшелігін түсіндірді
Еске сала кетейік, 15 мамыр күні елордалық денсаулық сақтау басқармасы 1958 жылы туған жеке клиниканың дәрігерінен коронавирус анықталғанын мәлімдеді. Әйел 10 күн бойы өз бетінше емделген. Кейін ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған, алайда емдеу және реанимациялық шараларға қарамастан дәрігер қайтыс болды.