Қоғам

Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

"Қазақстан темір жолы" АҚ ішкі пойыздар қозғалысын екі кезеңде: 1 және 10 маусымда іске қосылады. Бірінші кезең бойынша 54 пойыз қарастырылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik.  Мамырдың 15-нен бастап ел ішінде қатынайтын пойыздарға билет сатыла бастады. Пойыздар 1 маусымнан бастап жүреді, вокзал ғимаратына билеті жоқ адам кіргізілмейді.

Қашан және қайда баруға болады

Өңірлер арасындағы жолаушылар тасымалы 31 наурыз күні тоқтатылған болатын.

Республика ішінде қатынайтын пойыздар қозғалысын екі кезеңде: 2020 жылдың 1 және 10 маусымынан іске қосу жоспарланып отыр.

Бұған дейін бастапқы кезеңде төмендегі бағыттар бойынша 54 пойыз жүретіні айтылған болатын:

  • Нұр-Сұлтаннан Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл / Қызыл ту, Орал, Жезқазған, Қызылордаға;
  • Алматыдан Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Орал, Петропавлға;
  • Қызылорда – Семей;
  • Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы;
  • Қарағанды ​​– Жезқазған;
  • Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңы қатынастары.

Жаңа ережелер

Вокзал ғимаратына билеті бар адам ғана кіргізіледі. Жолаушылар бетперде тағуы тиіс, жолсерік қалғап киіп жүруі керек.

Пойыз бригадасының қызметкері рейс алдында медициналық тексерістен өтуі шарт.

Пойызға отыру және шығу кезінде қашықтық сақталуы тиіс.