Қоғам

COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина тегін болады – әлемдік көшбасшылардың шешімі

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясына қатысады
Sputnik

АЛМАТЫ, 15 мамыр – Sputnik.18-19 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы өтеді, оған Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысады, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Халықаралық медицина форумында коронавирусқа қарсы күрес және осы инфекцияға қарсы вакцина әзірлеу мәселесі көтеріледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының қарсаңында әлемнің 140-тан астам көшбасшысы, сарапшы мен аға буын ашық хатқа қол қойды. Онда COVID-19 вакциналары, диагностикалық препараттар, тест пен емдеу тәсілдері кез келген адамға және барлық жерде тегін болуына кепілдік беруге шақырылған.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирустан қорғанудың жолын тапты 

Хаттың мәтіні 18-19 мамырда өтетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының (World HealthAssembly) қарсаңында жарияланды.

ДДҰ хабарлағандай, 2020 жылы 73 World Health Assembly коронавирус пандемиясына байланысты виртуалды түрде өтеді.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі ведомство басшысы Елжан Біртановтың ассамблеяға қатысатынын растады.