Қоғам

Қазақстанда пойыздар 1 және 10 маусымда іске қосылады

"Қазақстан темір жолы" АҚ ішкі пойыздар қозғалысын екі кезеңде: 1 және 10 маусымда іске қосу жоспарланғанын хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. 15 мамырдан бастап Қазақстанның ішкі бағыттарына теміржол билетін сату басталады.

"2020 жылдың 1 маусымынан ішкі теміржол қатынасын кезең-кезеңмен қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. 2020 жылдың 15 мамырынан бастап Қазақстан аумағында жүретін жолаушылар пойыздарына билет сатылады", - деп жазылған ҚТЖ сайтында.  

Республикаішілік пойыздар қозғалысын екі кезеңде: 2020 жылдың 1 және 10 маусымынан іске қосу жоспарланып отыр.

Вокзалға тек билетпен кіргізеді: пойыз жолаушылары нені білуі тиіс 

Бұған дейін бастапқы кезеңде төмендегі бағыттар бойынша 54 пойыз жүретіні айтылған болатын:

  • Нұр-Сұлтаннан Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл / Қызыл ту, Орал, Жезқазған, Қызылордаға;
  • Алматыдан Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Орал, Петропавлға;
  • Қызылорда – Семей;
  • Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы;
  • Қарағанды ​​– Жезқазған;
  • Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңы қатынастары.

Карантин режимі жағдайында вокзалдардың жұмыс істеу және жолаушылардың пойыздарда жүру регламентіне қатысты ақпарат қосымша хабарланады.

Еске сала кетейік, 13 мамырда үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыста ішкі теміржол қатынасын 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен жандандыру туралы шешім қабылданды.