НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр — Sputnik. COVID-19 бір ғана вируспен адамды бірнеше ауруға шалдықтырады. Бұл туралы Новосібір қаласындағы тромбоздың алдын алу орталығының директоры Андрей Громов мәлімдеді.
Маманның айтуынша, науқастарды коронавирустан емдеп жатқан дәрігерлер "көлеңкемен күресіп жүр". Өйткені олар бір процесті емдеген кезде вирус ағзаның басқа мүшесіне зақым келтіреді. Громов "Россия 24"-ке берген сұхбатында осының салдарынан терапия жасау мүмкін болмайтынын айтты.
"Осыған байланысты қиындық туындайды. COVID-19 әдеттегі респираторлық вирустық инфекция сынды басталады. Дәрі-дәрмектің көмегі болуы үшін бірнеше күн ғана бар. Кейін ол өкпеге жетеді. Науқастың тыныс алуы қиындайды", - деді ол.
Громов вирус ірі қан тамырларын да зақымдайтынын жеткізді. Салдарынан инфаркт, инсульт болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде төрт миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. 287 мың адам көз жұмды.