Қоғам

Әшімбаев сенат төрағасы ретінде алғашқы отырысын өткізіп жатыр

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған 49 жастағы Мәулен Әшімбаев 4 мамырда сенат депутаты болып тағайындалған еді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен жоғарғы палатаның пленарлық отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл Әшімбаевтың сенат төрағасы ретінде өткізіп жатқан алғашқы жалпы отырысы.

Бүгін күн тәртібіне бес мәселе қойылған. Олардың арасында халық көптен күтіп жүрген бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы бар.

Еске сала кетсек, 49 жастағы Мәулен Әшімбаев 4 мамырда сенат депутаты болып тағайындалды. Бұған дейін ол президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.

Дәл сол күні сенаторлар бас қосып, жасырын дауыс беру жолымен Әшімбаевты сенат төрағасы етіп сайлады. Оның кандидатурасын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың сенімді өкілі болған Әшімбаев туралы қызықты деректер

Осы жылдың 2 мамырында президент сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты. Назарбаева сенатты 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін басқарған болатын.