АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Қостанай облысы Қарабалық ауданында адам сүйегі салынған қап табылды, деп хабарлады жергілікті Alau.kz порталы.
Бұл ақпаратты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"26 сәуірде Қарабалық ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының телефонына Белоглинка ауылының тұрғыны қоңырау шалған. Ол кісі тұрмайтын үйді жинау барысында мәйіт қалдықтары салынған қап табылғанын айтты", - делінген ақпаратта.
Тойға бара жатқан: 27 жыл бұрын жоғалған әйелге қатысты іс кездейсоқ ашылды
Аталған факті бойынша Қарабалық ауданының полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Болжам бойынша мәйіттің қалдықтары 1982 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі, ол 2014 жылдың қарашасында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.