НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. 2020 жылдың 13 мамырынан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар және Зайсан қалаларына ішкі әуе рейстері ашылады, деп хабарлады премьер-министрдің сайты.
Сәрсенбі күні коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Жиын премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтті.
"13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады", - деп жазылған ақпаратта.
Бұған дейін 13 қалаға әуе рейсі ашылған болатын: 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында; 5 мамырдан бастап Семей, Өскемен, Петропавл, Қызылорда; 11 мамырдан бастап Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай.
Төрт қазақстандық әуе компаниясы жұмыс істейді: Air Astana, FlyArystan, SCAT және Qazaq Air.
Тағы оқыңыз: Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирус анықтамасы талап етілмейді