Өңірлер

"7-20-25": Қарағанды үшін тұрғын үй лимиті 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды

Бұған дейін Қарағанды ​​тұрғындары бағдарлама бойынша сатып алатын баспананың шекті құны 15 миллион теңге болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі Қарағанды қаласында "7-20-25" бағдарламасы аясында сатып алынатын тұрғын үйдің шекті құнын 15 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтуға шешім қабылдады.

Тұрғын үйдің ең жоғары құнын өзгерту жөніндегі шешімге өңірде қажеттіліктің артуы себеп болды. Атап айтқанда, Қарағандыда қарыз алушылардың жартысына жуығы (47%) тұрғын үйді ең жоғары лимит бойынша, яғни 15 миллион теңгеге сатып алған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда "5-10-20" бағдарламасы іске қосылады 

Бағдарлама іске асырылғалы бері Қарағанды қаласында 7,2 миллиард теңгенің ипотекасы берілді.

Осылайша, бағдарламаға өзгерістер енгізілгеннен кейін Нұр-Сұлтан, Алматы (қала маңындағы аймақтарды қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны 25 миллион теңге, Қарағанды қаласында 20 миллион теңге, қалған өңірлерде 15 миллион теңгені құрайды.  

Қазақстан бойынша 15 000 отбасы 175 миллиард теңгеге баспана сатып алды.