Қоғам

Төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Екі айға жуық уақытқа созылған төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін Қазақстанда қандай шектеулер алынып тасталады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 15 наурызда енгізілген төтенше жағдай режимінің мерзімі аяқталды.

Мемлекет басшысы төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа екі рет қол қойды. Бастапқыда ол 16 сәуірде, содан кейін 1 мамырда сағат 07:00-де аяқталуы керек еді, бірақ қайтадан 11 мамыр сағат 00:00 дейін ұзартылды.   

Қазақстан Республикасының үкіметіне орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қажетті шараларды қабылдау тапсырылды, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды.

Төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін карантин алына ма?

Төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін де карантин және шектеу шаралары сақталуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Облыстардың бірінде карантин мамыр айының соңына дейін ұзартылды 

Бүкіл Қазақстан бойынша карантин енгізілді. 20 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда, 27 сәуірден өңірлерде, 1 мамырдан Шымкентте шектеулер біртіндеп алына бастады.

Шектеулердің басым бөлігі 4 мамырдан бастап күшін жойды.  

Мегаполистер мен облыстардың шекараларындағы блокпостарды алып тастау туралы шешім кезең-кезеңімен қабылданады.

Қазақстанда 11 мамырдан бастап кімдерге жұмыс істеуге рұқсат етіледі  

Дүйсенбі, 11 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, мәлімдеме жасайды.

Мемлекет басшысы коронавирусқа қатысты жағдайды бағалап, төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың одан әрі әрекет ету стратегиясын анықтайды деп болжануда.

Төтенше жағдай алынғаннан кейін 42500 теңге жәрдемақы төлене ме?

Ең төменгі жалақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлем бір рет тағайындалады және төтенше жағдай кезінде ай сайын төленеді.

Екі ай ішінде, төтенше жағдай режимі кезінде, шектеулерге байланысты жұмысынан айырылған азаматтарға екі рет төлем жасалды.  

Ішкі әуе қатынасын қалпына келтіру

1 мамырдан бастап президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстер қалпына келтірілді.

4 мамырдан бастап ұшақ Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семейге ұша бастады.

Ал 11 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетауға ұшуға болады.

13 мамырдан Қостанай мен Үшаралға рейстер қалпына келтіріледі.