НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Алматы әкімдігінің өкілдері ардагерден үйіне барып кешірім сұрады.
Мемориал 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан. Алайда Қазақстанда карантинге байланысты саябақтар жабық болғандықтан, гүл шоқтарын қоюға келген ардагерді Мәңгілік алауға жібермеген.
Қария бос саябаққа кіргізетін шығар деп үміттенсе де, полиция қызметкерлері міз бақпады.
Видео әлеуметтік желілерде кең тарап, резонанс туғызды.
Кейінірек әкімдік өкілдері ардагердің үйіне келіп, кешірім сұрады. Содан соң қарияны мемориалға апарды.
Тағы оқыңыз: Тараздық ардагер соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр
"Кінәліміз әрине, басымызды иіп кешірім сұраймыз. Бұл коронавирусқа байланысты енгізілген карантинмен байланысты", - деді Алматы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.
Кешірім сұраған видеоны Алматы әкімінің баспасөз қызметі таратты.