НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Белгілі қазақ әншісі Марат Омаров анасы Сұлухан Сұлтанованың дүниеден озғанын хабарлады.
Омаровтың айтуынша, Сұлухан Сұлтанова Шымкентте 96 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
"Ол Шымкентте тұрды. Мен қазір осы қаладамын. Анам инсульттан қайтыс болды. Жерлеу рәсімі ертең, 10 мамырда өтеді", - деді Марат Омаров Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Қазақстандық жұлдыз халыққа "Анашым" әнімен танылған еді. Айтуынша, ол әнді өз анасы Сұлухан Сұлтановаға арнаған. Туындыда "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" деген өлең жолдары бар.