Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.
10 мамырға жоспарланған шаралар
12.00 – Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Наталья Баженова өткізетін "Бисероплетение" бейне сабағы (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).
18.00 – "Астана Опера" театры труппасының орындауындағы "Кармина Бурана" кантатасы (Tengrinews TV-да трансляция жасалады).
20:00 - "Астана Балет" театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Театр солисі Дарина Қайрашевамен әңгіме. Дәрісті "Астана Балет" театрының Youtube-каналынан көруге болады.
18 мамырға жоспарланған шаралар
20:00 - "Астана Балет" театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Бұл жолғы қонақ – театр хореографы Рикардо Амаранте. Дәрісті "Астана Балет" театрының Youtube-каналынан көруге болады.
28 мамырға жоспарланған шаралар
20:00 - "Астана Балет" театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Шығарылым қонағы – театрдың жетекші солисі Фархад Буриев "Вальпургиев түні" бір актілі балетіндегі көркем образдар туралы айтады. Дәрісті "Астана Балет" театрының Youtube-каналынан қарауға болады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.