Экономика

Ұлттық банк ақша айырбастауға қатысты шешім қабылдады

Бұл шаралар айырбастау пункттеріндегі валютаны сатып алу және сату бағамдары арасында негізсіз жоғары айырмашылық болмауы үшін керек
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін қолдану мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан Ұлттық банкі қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің қолданылу мерзімін 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы шешiм қабылдады", - делінген банктің ресми сайтында.

Бұл шаралар айырбастау пункттеріндегі валюталарды сатып алу және сату бағамдары арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуға қарсы және әлемдік қаржы нарығындағы құбылмалы жағдайға байланысты қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған.

Айта кетейік, 2020 жылдың 19 наурызында Қазақстан Ұлттық банкі айырбастау пункттері арқылы өткізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін елде төтенше жағдай режимі уақытына бекіткен болатын. Олар:

  • АҚШ доллары – 6 теңге;
  • еуро - 7 теңге;

Бұл шектеулердің қолма-қол ақшасыз өткізілетін айырбастау операцияларына қатысы жоқ.