Қоғам

Макаренконы қайталап, бүкіл Одаққа танылды – Кубраковтың педагогикалық поэмасы

Григорий Кубраков педагог Антон Макаренконың тәжірибесін қайталап, Қазақстанда бірегей мектеп-интернат ашты
Sputnik

ПЕТРОПАВЛ, 8 мамыр – Sputnik. Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Максимович Кубраковтың есімі Үлкен энциклопедиялық сөздікке және Педагогика жөніндегі қысқаша энциклопедияға енгізілді.

Макаренконы қайталап, бүкіл Одаққа танылды – Кубраковтың педагогикалық поэмасы

Ол – Солтүстік Қазақстанда "КСРО халық мұғалімі" атағына ие болған жалғыз адам. Оның мұғалімдерге арнап жазған кітаптары автордың көзі тірісінде-ақ библиографиялық сирек еңбекке айналды. Ең бастысы – ол КСРО-да Антон Макаренконың тәжірибесін еш өңін айналдырмай қайталап, бүкіл Одаққа аты жайылған және білім беру мекемесінің нағыз эталонына айналған бірегей мектеп ашты. Оны тіпті Мәскеуге, Останкиноға тәжірибе бөлісуге шақырды. Бағдарламаны Светлана Моргунова жүргізді ...

Нағыз мұғалім тіпті дүниежүзінде Халықаралық мұғалімдер күні аталып өтетін 5 қазан күні қайтыс болды. Ол 2006 жылы дүниеден озды, осы жылдың сәуірінде 100 жасқа толар еді ...  

Жетістікке апарар жол

Кубраков жеті жасында жетім қалды (әкесін большевиктер атып өлтірді, ал анасы аштан өлді), барлығына өзі қол жеткізді. Медициналық білім алып, бірнеше жыл медицина саласында жұмыс істеген соң, кенеттен өмірін түбегейлі өзгерту туралы шешім қабылдап, педагогикалық оқу орнына түсті. Соғыста ауыр жараланып, 2-топтағы мүгедек болып оралса да, сырқаты туралы ойлануға мұршасы болмады.

"Әкем 13 ауыр ота жасатты, қатерлі ісікпен 19 жыл өмір сүрді. Бірақ еңсесін түсірмеді, өз өмірі үшін де, анам ауырып қалған кезде оның өмірі үшін де жан аямай күресті. Ол сырқатқа жеңуге жол бермеді, өйткені бітпеген Ісі бар еді. Ол өмірінің мәні – Макаренко жүйесі бойынша құрылған мектеп болатын", - деді Григорий Кубраковтың қызы Наталья Тимошина Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.  

Соғыста жарақат алғаннан кейін туған жері Солтүстік Қазақстанға оралады. Аудандық денсаулық сақтау бөлімін, біраз уақыттан кейін аудандық жоспарлау комиссиясын, содан кейін газет редакциясын басқарды, екі жыл колхоз төрағасы болып жұмыс істеді – шаруашылықта үлкен жетістікке жетті.

Ол кез келген істі адал және ынта-жігерімен атқаратын адамдардың бірі болды.

"Әкем соғыстан кейінгі қиын жылдары әкелік қолдау көрмеген, есті тәлім-тәрбие мен жақсы кеңес алмаған жасөспірімдерді көп кездестірді", – деп еске алды Наталья Тимошина. – Сол кезде ол Макаренконың педагогикалық жүйесіне қызығушылық танытты. 32 жасқа келгеніне қарамай, Петропавл  педагогикалық институтына оқуға түсіп, күндізгі бөлімде білім алды".

25 жыл өмірін мектеп-интернатқа арнады

1963 жылы оған салынып жатқан Мамлют орта шипажай мектеп интернатының директоры болуға ұсыныс жасалды.

Өмірінің 25 жылын интернатқа арнап, зейнетке шықса да, Григорий Максимович тыным таппады. Ол қоғамдық жұмыстармен айналысты, мақалалар мен кітаптар жазды.

Макаренконы қайталап, бүкіл Одаққа танылды – Кубраковтың педагогикалық поэмасы

"Әкем өте білімді адам болатын, ол тарихты, философияны, саясатты, экономиканы жақсы білді ... 90-жылдардағы реформаларға, жерге және ұжымдық меншікке деген көзқарасын білдірді. Ол жайында ашық айтып, жазуға одан басқа ешкімнің батылы жетпеді. Мен алаңдай бастап: "Одан да педагогикамен айналысшы!" – дегенімде, "Бұл да педагогика!"- деп жауап берді", - дейді Наталья Григорьевна.

Макаренконы қайталап, бүкіл Одаққа танылды – Кубраковтың педагогикалық поэмасы

Оның бұл еңбегі де шынайы бағаланды: 2005 жылы ол солтүстікқазақстандық делегаттардың ішінен жалғыз өзі қоғамдық қызметі үшін "Парасат" орденімен марапатталды. Орденді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі тапсырды.

Григорий Максимовичтің 90 жылдығына орай өзі 25 жыл жұмыс істеген Мамлют шипажай интернат-мектебінің ғимаратында мемориалды тақта орнатылды.

Макаренконы қайталап, бүкіл Одаққа танылды – Кубраковтың педагогикалық поэмасы

"Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО халық мұғалімі, Мамлют орта жалпы білім беру шипажай мектеп-интернатының тұңғыш директоры Григорий Кубраковқа", - деп жазылған естелік тақтада.

Сол күні халық ұстазын есте қалдыру мақсатында мектеп алаңындағы аллеяға 25 қарағай көшеті отырғызылды.