"Еліміздегі көптеген отбасылар секілді менің де туған-туысқандарым соғыс жылдары қан майданға аттанды. Олардың ішінде әкемнің немере ағасы Владимир Александрович Бородавкин және немере ағаларым Дмитрий Аркадьевич Маишев пен Евгений Аркадьевич Маишев", - деді Алексей Бородавкин.
Оның айтуынша, Владимир Бородавкин 1941 жылдың желтоқсаны - 1942 жылдың басында Қырым түбегіндегі операцияға қатысқан. Сол жерде ауыр жараланып, кейін елге қайтарылады.
Алексей Бородавкиннің немере ағалары соғыстың соңына дейін әскер қатарында болған. Олардың бірі - аға сержант-зеңбірекші, екіншісі - көлік жүргізушісі.
"Өкінішке қарай, олар қазір жоқ, біздің отбасы оларды құрмет тұтып, ешқашан ұмытпайды", - деп қосты Бородавкин.
Сөз соңында Қазақстандағы Ресей елшісі халықты Жеңіс күнімен құттықтады.